Хоккейден Қазақстан кубогінің кезекті ойын күнінің күндізгі сессиясында екі матч өтті.
«Ертіс» - «Бейбарыс» матчының үшінші кезеңінің ортасына қарай атыраулықтар екі шайбамен алда келе жатты (Дінмұхамед Сапарбек дубль жасады) және ойынды бақылауда ұстап келе жатқандай көрінді. Алайда павлодарлықтар есе қайтарып қана қоймай, овертаймда жеңісті жұлып әкете алды. Шешуші соққының авторы – Алдияр Нұрлан. Ол үшін бұл – матчтағы екінші гол. «Ертіс» қақпашысы Вячеслав Нечвиенконың есебінде 49 сейв бар.
Айтып өтетін жайт, аталмыш нәтиже командалардың ешбірінің пайдасына жарамады. «Бейбарыс» та, «Ертіс» те жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айрылды.
«Ертіс» - «Бейбарыс» 4:3 ОТ (1:1, 0:2, 2:0, 1:0)
0:1 - 03:22 - Макаревич (Каргин, Константинов) ГБ
1:1 - 19:35 - Нұрлан (Афлитонов)
1:2 - 24:36 - Сапарбек (Яковлев, Иванов)
1:3 - 37:42 - Сапарбек (Москалев, Яковлев)
2:3 - 48:14 - Білімбаев (Гусейнов) ГМ
3:3 - 56:16 - Асуханов (Абдрашитов, Гусейнов)
4:3 - 63:27 - Нұрлан (Гусейнов, Асуханов) ГБ
Қақпашылар: Нечвиенко - Кузнецов
«Арлан» маңызды текетіресте «Хумоны» жеңіп, турнирдің финалдық бөлігі үшін тартыстан шығып қалмады. Ал ташкенттіктер ҚР Кубогінің иегері атағымен қош айтысты. Жеңімпаздар құрамынан қарсыласты екі рет Денис Чапоров састырды, көкшетаулықтардың танымал жаңа ойыншысы Дмитрий Архипов өз есебіне бір гол мен бір нәтижелі пасты жазды. Тимур Мейдер қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді.
«Арлан» - «Хумо» 4:1 (1:1, 1:0, 2:0)
1:0 - 03:03 - Чапоров (Боровков) ГМ
1:1 - 14:51 - Клюшниченко (Расулов, Саврицкий)
2:1 - 37:58 - Чапоров (Никулин, Боровков) ГБ
3:1 - 53:37 - Парамонов (Архипов, Санников)
4:1 - 59:20 - Архипов (Гопиенко) ГБ
Қақпашылар: Мейдер - Фомин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.