Арлан турнирдегі алғашқы матчында жеңіске жетті, Горняк Ақтөбені тырп еткізбеді

25 tamyz
569

Өскемен мен Астанада хоккейден Қазақстан кубогінің матчтары жалғасып жатыр.

«Арлан» екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Алматының» арынын басты. Кездесудің басты қаһармандары – көкшетаулықтардың дубль жасаған жаңа ойыншысы Степан Санников, сондай-ақ қақпаға бағытталған 26 соққының барлығына тойтарыс беріп қана қоймай, жеңіс шайбасына нәтижелі пас берген қақпашы Сергей Кудрявцев. Осылайша, қазіргі ел чемпионы Кубоктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, ал оңтүстікастаналық ұжым әзірге ұпайсыз келе жатыр.

«Арлан» - «Алматы» 3:0 (1:0, 2:0, 0:0)

1:0 - 19:32 - Боровков (Кудрявцев) ГБ

2:0 - 27:25 - Санников (Боровков, Никулин)

3:0 - 34:29 - Санников (Парамонов)

Қақпашылар: Кудрявцев - Портер

«Горняк» турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізіп, кемінде кешкі матчтарға дейін В тобының көшін бастады. Бүгін рудныйлықтар «ақтөбелік» қарсыласты сенімді түрде жеңді. Батысқазақстандықтар үшін үшінші кезең шешуші болып, ойынның шартты иелері төрт шайба өткізіп алды. «Горняктың» қақпашысы Владислав Нурек өз есебіне 47 сейв жазды.

«Ақтөбе» - «Горняк» 1:7 (0:1, 1:2, 0:4)

0:1 - 05:23 - Тесленко (Поляничев, Васин)

0:2 - 21:29 - Кротов (Степанов, Платонов) ГБ

0:3 - 31:31 - Васильев (Васин)

1:3 - 34:06 - Исмагилов (Попитич) ГБ

1:4 - 40:54 - Степанов (Куршук, Гурин) ГБ

1:5 - 41:24 - Васин ГБ

1:6 - 55:47 - Гурин (Кротов, Козорез)

1:7 - 58:43 - Шишов (Куршук)

Қақпашылар: Кузьменко (Дубович, 41:24-60:00) - Нурек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.