Сарыарқа Бейбарыстан жеңісті жұлып әкетті, Торпедо Алматының арынын басты

23 tamyz
529

Өскемен мен Қарағандыда хоккейден Қазақстан кубогінің алғашқы ойын күнінің матчтары өтіп жатыр.

«Сарыарқа» үш рет артық құрам ұйымдастырып, «Бейбарыспен» кездесуді жақсы өткізді. Алайда атыраулықтар қарағандылық көрерменді 2:4 болып келе жатқан жерінен есе қайтарып, әбден састырды. Десе де, үшінші кезеңнің аяқталуына 20 секунд қалғанда В тобының алаң иелері Артём Валеевтің дөп соққысының арқасында жеңісті жұлып әкетті.

«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 4:5 (1:2, 2:2, 1:1)

1:0 - 09:06 - Яковлев (Федоров, Ямалов)

1:1 - 10:13 - Коннов (Зайцев, Капотов)

1:2 - 18:14 - Баженов (Коннов) ГБ

1:3 - 24:04 - Зайцев (Стулов, Шингареев) ГБ

1:4 - 27:19 - Шингареев (Стулов) ГБ

2:4 - 29:47 - Ямалов (Трибунский)

3:4 - 38:21 - Макаревич (Ямалов, Клочков) ГБ

4:4 - 47:35 - Гофман (Каргин, Клещенко) ГБ

4:5 - 59:40 - Валеев (Шингареев)

Қақпашылар: Коваль – Ибрагимов

«Торпедо» мен «Алматының» текетіресінде Өскемен хоккейшілері тер төгіп, жеңіске жетті. Шешуші соққының авторы – Герман Шапорев. Андрей Янкова 24 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Алматы» 3:2 (1:1, 1:0, 1:1)

0:1 - 06:09 - Разумняк (Ырыс)

1:1 - 11:49 - Архипов (Александров)

2:1 - 33:14 - Рифель (Тютюньков)

2:2 - 42:05 - Бурделёв (Карамнов, Хоменко)

3:2 - 46:05 - Шапорев (Каиров, Петросян)

Қақпашылар: Янков - Осокин (Колесников, 05:58-58:58)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.