Горняк пен Құлагер ҚР Кубогін жеңістен бастады

23 tamyz
585

Өскемен мен Қарағандыда хоккейден Қазақстан кубогінің алғашқы ойын күнінің матчтары өтіп жатыр.

Өскемен мен Қарағандыда хоккейден Қазақстан кубогінің алғашқы ойын күнінің матчтары өтіп жатыр.

«Ертіс» 2024 жылғы ҚР Кубогіндегі В тобының алғашқы матчында «Горнякқа» қарсы тұра алмады. Бірінші кезеңде-ақ павлодарлықтардың қақпасына үш шайба аттанды, әрі қарай есеп алшақтығы ұлғая берді. Тәжірибелі Александр Куршук дубль жасады, үш нәтижелі пас Владимир Кротовтің есебінде.

«Горняк» - «Ертіс» 9:1 (3:0, 1:0, 5:1)

1:0 - 10:36 - Пархоменко (Козорез, Рязанов)

2:0 - 15:53 - Куршук (Кротов, Гурин)

3:0 - 17:00 - Тесленко (Захаров)

4:0 - 31:04 - Захаров (Ханьжин, Тесленко)

5:0 - 41:52 - Юлбарисов (Кротов)

6:0 - 47:23 - Ханьжин (Барабаш, Шишов)

6:1 - 51:55 - Игушкин (Гулый)

7:1 - 55:32 - Гурин (Милушкин, Кротов)

8:1 - 59:08 - Куршук (Юлбарисов)

9:1 - 59:59 - Ляпунов (Козорез)

Қақпашылар: Тихонов (Байдек, 47:23-60:00) - Нечвиенко

Қазіргі ел чемпионы және өткен Кубоктің финалисі биылғы турнирді «Құлагерден» жеңіліспен бастады. Жекпе-жектің басты қаһарманы – қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс берген петропавлдықтардың қақпашысы Денис Каратаев. Антон Злобиннің есебінде гол мен бір нәтижесі пас бар.

«Құлагер» - «Арлан» 3:1 (1:0, 2:1, 0:0)

1:0 - 15:53 - Злобин (Ананичев, Голощапов)

2:0 - 30:55 - Казаченко

3:0 - 37:25 - Ананичев (Злобин, Рыжий)

3:1 - 39:57 - Железнов (Буйван, Санников)

Қақпашылар: Каратаев - Шефер

«Бейбарыс» - «Сарыарқа»

«Торпедо» - «Алматы»


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.