Рунов Номадқа оралды, Александров пен Цыбин «көшпенділермен» келісімшарттарын ұзартты

17 shilde
464

Соңғы трансферлік жаңалықтар елордалық «Номад» сапынан келіп жетті.

Pro Ligasy-ның күміс жүлдегеріөз құрамында өткен маусымның көшбасшылары – шабуылшылар Станислав Александров пен Вячеслав Колесниковтің сақтап қалды. Өз мансабын елордада қақпашы Юргис Дубинскас, қорғаушы Климентий Царёв, сондай-ақ шабуылшылар Даниил Цыбин мен Георгий Саушкин жалғастырады.

«Снежные Барсы» командасынан «Номадқа» форвардтар Константин Морожников пен Егор Смольянинов ауысты. Сондай-ақ Ғалым Мәмбеталиевтің командасын өткен маусымды тольяттилік «Ладьеде» өткізген Константин Двуреченский және «көшпенділер» сапына ижевскілік «Ижстальдан» оралған Андрей Рунов толықтырды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.