Бейбарыс Гатин мен Пинидиді сақтап, Гасниковпен қол қойды

9 shilde
318

Кезекті трансферлік жаңалықтар «Бейбарыс» сапынан келіп жетті.

Кезекті трансферлік жаңалықтар «Бейбарыс» сапынан келіп жетті.

Атыраудағы үшінші маусымдарын қорғаушы Альберт Гатин мен шабуылшы Василий Москалёв өткізеді. Сондай-ақ «Бейбарыс» өткен маусымда «Жас Батырдың» үздігі болып қана қоймай, Pro Ligasy-да негізгі команда құрамына өткен, болашағынан көп үміт күттіретін жас шабуылшылардың бірі – Днила Пинидиді екі маусымға сақтап қалды. Өз мансабын ел батысында өткен маусымда «Бейбарысқа» өткен тағы бір форвард Олег Гофман жалғастырады.

Владимир Капуловскийдің командасындағы жаңа ойыншылардан тәжірибелі ойыншы Евгений Гасниковті, сондай-ақ ел чемпионатында «Алматы» құрамында өнер көрсеткен форвард Айрат Мурзинді және «Юный Уралдан» ауысқан Дмитрий Константиновты атап өтуге болады. Қорғаушылар Максим Лапин мен Артур Салихов сынама келісімшарттар жасасты.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.