Ковзалов, Свинцицкий және бірқатар ойыншы Бейбарысқа өтті

26 maýsym
640

Pro Hokei Ligasy клубтарынан келіп жеткен трансферлік жаңалықтарды әрі қарай бақылаймыз.

Тәжірибелі Илья Ковзалов өз мансабын «Бейбарыста» жалғастырады. Қазақстан чемпионаттарында 600-ден астам матч ойнаған форвард соңғы уақытта «Алматы» мен «Ақтөбеде» өнер көрсетті. Сондай-ақ атыраулықтар «Ястребы» көшбасшыларының бірі Сергей Стальмаковпен және «Хумоның» экс-форварды Никита Свинцицкиймен келісімшарт жасасты.

Жаңа ойыншылардан қақпашы Кирилл Кузнецовті (саратовтық «Кристаллдан» ауысты), қорғаушылар Александр Макаревич («Торос») пен Даниил Масаловты («АКМ»), сондай-ақ шабуылшы Данил Фёдоровты («Челны») атап өтуге болады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.