Атыраулық клубтың баспасөз қызметі негізгі команда құрамындағы соңғы өзгерістер туралы айтып берді.
«Бейбарыстың» намысын өткен маусымдағы команданың екінші бомбардирі Алексей Клочков, сондай-ақ шабуылшы Андрей Яковлев қорғайды. Атыраулық командада бесінші жылын тәжірибелі қорғаушы Михаил Дыньков өткізеді.
Батыс Қазақстандық ұжымның жаңа ойыншылары – жанкүйерлеріне рудныйлық «Горняктағы» ойынымен танымал Арслан Ямалов және Илья Каргин. Қос ойыншы да өткен маусымды барнауылдық «Динамо-Алтай» командасында өткізді.
Сондай-ақ атыраулықтар өз құрамында болашағы зор жас хоккейшілер – Даниил Шепеицких, Валерий Хальзев пен екіжылдық келісімшарт жасасқан Руслан Телгожаевты сақтап қалды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.