Бейбарыс Клочков пен Яковлевті ешқайда жібермеді, сондай-ақ ЖХЛ-дан екі ойыншымен келісімшарт жасасты

13 maýsym
440

Атыраулық клубтың баспасөз қызметі негізгі команда құрамындағы соңғы өзгерістер туралы айтып берді.

«Бейбарыстың» намысын өткен маусымдағы команданың екінші бомбардирі Алексей Клочков, сондай-ақ шабуылшы Андрей Яковлев қорғайды. Атыраулық командада бесінші жылын тәжірибелі қорғаушы Михаил Дыньков өткізеді.

Батыс Қазақстандық ұжымның жаңа ойыншылары – жанкүйерлеріне рудныйлық «Горняктағы» ойынымен танымал Арслан Ямалов және Илья Каргин. Қос ойыншы да өткен маусымды барнауылдық «Динамо-Алтай» командасында өткізді.

Сондай-ақ атыраулықтар өз құрамында болашағы зор жас хоккейшілер – Даниил Шепеицких, Валерий Хальзев пен екіжылдық келісімшарт жасасқан Руслан Телгожаевты сақтап қалды. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.