Артём Лихотников Pro Ligasy кубогін Теміртауға әкелді

22 mamyr
945

Теміртаулық хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Артём Лихотников көкшетаулық «Арлан» құрамында Қазақстан чемпионы атанды. Лихотниковтен бөлек, «көкжалдар» сапында метталургтер қаласының тағы бір тумасы Антон Прохоров жұмыс жасайды.

Маусым аяқталғаннан кейін Лихотников чемпиондық кубокті туған қаласына әкелуді армандайтынын айтқан болатын. Мінекей, ойыншының сөзі мен ісі бір жерден шықты. Артём араға ұзақ жылдар салып, біздің чемпионатта осы қызықты дәстүрді жалғастырған алғашқы спортшы болды.

- Туған қалаңа кубокпен келу – әрбір хоккейшінің арманы, - дейді Артём Лихотников. – Және мұны Антон Прохоров екеуіміз іске асыра алдық. Кубокті өз көзімен көрген балалар үшін бұл өсуге, әрі қарай дамуға тамаша стимул болады деп ойлаймын. Мұндай іс-шаралар хоккейді, жалпы салауатты өмір салтын насихаттау үшін маңызды. Теміртау халқының хоккейді қалай сүйетінін жақсы білеміз.

Сапар аясында чемпиондар теміртаулық «Мұз айдыны» спорт сарайына келіп, онда «Магнитка» әуесқойлар командасының ардагерлерімен және «Металлург» мектебінде хоккеймен шұғылданатын балалармен кездесті, олардың туыстары мен жақындары еңбектеніп жүрген «Qarmet» зауытына да ат басын бұрды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.