Арланның чемпиондыққа жетуіне бір қадам қалды

12 sáýir
1083

Астанада Қазақстан чемпионаты финалдық сериясының төртінші матчы өтті.

Көкшетаулықтар кездесудің 40-шы секундынд есеп ашты – Данила Карабань көзге түсті. Алайда кездесудің негізгі бөлігі екінші кезеңнің ортасында орын алды: «Арлан» 14 секунд ішінде Дмитрий Гренц пен Владислав Никулиннің арқасында қарсыласқа екі шайба салды. Михаил Рахмановтың дөп соққысы «көшпенділердің» күйінішін сәл-пәл сейілтті.

Финалдық серияның Көкшетауда өтетін келесі матчы биылғы клубтық маусымның қорытынды ойыны болуы мүмкін.

«Номад» - «Арлан» 1:4 (0:1, 1:2, 0:1)

0:1 - 00:40 - Карабань (Боровиков, Никулин)

0:2 - 29:03 - Гренц (Хорошев)

0:3 - 29:17 - Никулин (Лихотников, Карабань)

1:3 - 37:33 - Рахманов (Асетов)

1:4 - 59:37 - Дюкарев (Сиксна, Степаненко) ГБ

Қақпашылар: Бояркин - Кудрявцев

«Арлан» - «Номад» сериясындағы есеп: 3-1 (3:4 ОТ5, 2-1 ОТ, 2:0, 4:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.