Сарыарқа қола серияда алға шықты

9 sáýir
1115

Қарағандыда «Ақтөбе» мен «Сарыарқа» арасындағы қола сериясының үшінші матчы өтті.

Бірінші кезеңде командалар Евгений Попитич пен Игнат Холькиннің орындауындағы голдармен алмасты. Ал екінші кезең алаң иелерінің үстемдігімен өтті. «Сарыарқа» 20 минутқа жеткізбей қарсыластың қақпасын төрт рет алды және бұл ойынның ары қарайғы бағытын анықтады. Соңғы кезеңде қонақтар есеп алшақтығын қысқартты, алайда қорытынды нәтижеге бұл ешқалай әсер етпеді.

Осы жетістігінен кейін «Сарыарқаның» Қазақстан чемпионатының қола медальдарына жетуіне бір жеңіс қалып тұр.

«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 6:3 (1:1, 4:0, 1:2)

0:1 - 10:18 - Попитич (Исмагилов)

1:1 - 18:55 - Холькин (Григоренко)

2:1 - 24:04 - Григоренко (Жульдиков, Злобин)

3:1 - 26:30 - Лызин (Шингареев)

4:1 - 28:41 - Пономарёв (Кнауб)

5:1 - 31:34 - Сайко

6:1 - 50:38 - Злобин (Стулов, Григоренко)

6:2 - 50:47 - Кучин (Потапов)

6:3 - 54:32 - Шапорев (Петросян)

Қақпашылар: Кадочников – Ершов (Каратаев, 28:41-60:00)

«Ақтөбе» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 1-2 (1:3, 3:2 ОТ, 3:6)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.