Сарыарқа қола сериясының бірінші матчында Ақтөбеден басым түсті

5 sáýir
245

Ақтөбеде Қазақстан чемпионатының үшінші орнын анықтайтын матчтар сериясы басталды.

Үшінші орынды анықтайтын серияның алғашқы матчының негізгі оқиғалары екінші кезеңде өтті және небәрі төрт минутқа созылды. Қарағандылықтар үшін жеңіс шайбасының авторы – атық құрам ұйымдастырған Дмитрий Стулов. Қонақтардың қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 30 соққыға тойтарыс берді. «Ақтөбе» құрамынан абырой шайбасын Герман Шапорев салды. «Сарыарқа» үш жеңіске дейінгі серияда алға шықты.

«Актобе» - «Сарыарқа» 1:3 (0:1, 1:2, 0:0)

0:1 - 11:03 - Коннов (Дёмин, Баженов)

0:2 - 22:58 - Стулов (Григоренко) ГБ

1:2 - 23:15 - Шапорев (Арбузов, Ершов)

1:3 - 26:03 - Баженов (Дёмин, Хрипков)

Қақпашылар: Ершов - Кадочников

«Ақтөбе» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 0-1 (1:3)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.