Номад – маусымның екінші финалисі

25 naýryz
1213

Астанада «Номад» пен «Ақтөбе» арасындағы жартылай финалдық серияның бесінші және қорытынды матчы өтті.

Қонақтар есепті кездесудің тоғызыншы минутында Николай Коевтің көмегімен ашты. Алайда әрі қарай көк киімдегі ойыншылар ғана гол салды, «көшпенділер» үш рет артық құрам ұйымдастырды. Әділ Бекетаев, Николай Шульга, Аңсар Шайхмедденов, Әлихан Әсетов, Михаил Рахманов пен Станислав Александров көзге түсті. Алаң иелерінің қақпашысы Никита Бояркин бүгін қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді.

Бұл жеңіс аталмыш жартылай финалдық текетіресті қорытындылады. «Номад» екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионатының финалында ойнайды. Елордалық ұжымның қарсыласы – көкшетаулық «Арлан». «Ақтөбе» үшінші орын үшін серияны қарағандылық «Сарыарқамен» өткізеді.

«Номад» - «Ақтөбе» 6:1 (1:1, 3:0, 2:0)

0:1 - 08:52 - Коев (Потапов)

1:1 - 19:37 - Бекетаев (Борисевич) ГБ

2:1 - 29:25 - Шульга (Рахманов, Бекетаев) ГБ

3:1 - 32:23 - Шайхмедденов (Шульга)

4:1 - 34:17 - Әсетов (Шульга, Борисевич) ГБ

5:1 - 40:43 - Рахманов (Борисевич)

6:1 - 55:24 - Александров (Царёв, Гусейнов) ГБ

Қақпашылар: Бояркин - Каратаев

«Номад» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 4-1 (3:1, 2:4, 4:3 ОТ, 2:0, 6:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.