Ақтөбеде «Номад» пен «Ақтөбе» арасындағы жартылай финалдық серияның төртінші матчы өтті.
Елордалық ұжым әрбір кезеңде бір шайбадан ұйымдастырып, қорғаныста мығым ойнады. «Көшпенділер» құрамынан Михаил Рахманов дубль жасады, тағы бір дөп соққыны Диас Гусейнов жазды. Ал алаң иелері бүгін 29 соққыға тойтарыс берген Никита Бояркиннің қақпасын ала алмады.
«Номадтың» келесі жеңісі команданы Қазақстан чемпионатының финалына шығарады.
«Ақтөбе» - «Номад» 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)
0:1 - 07:52 - Рахманов
0:2 - 38:31 - Гусейнов (Александров, Цыбин)
0:3 - 58:58 - Рахманов (Әсетов, Борисевич) ПВ
Қақпашылар: Каратаев – Бояркин
«Номад» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 3-1 (3:1, 2:4, 4:3 ОТ, 2:0)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.