Арлан финалға шықты, Номад Ақтөбедегі алғашқы матчын жеңді

20 naýryz
538

Қарағанды мен Ақтөбеде Pro Hokei Ligasy-ның жартылай финалдық серияларының кезекті матчтары өтті.

«Сарыарқа» бұл жартылай финалдық серияда «Арланға» төтеп бере алмады. Бүгін көкшетаулықтар Артём Лихотников пен Фёдор Хорошевтің арқасында екі рет артық құрам ұйымдастырды, тағы бір рет Владислав Дюкарев көзге түсті. Алаң иелері құрамынан Глеб Зайцев дубль жасады. Текетірестің нүктесін «сары-қаралардың» қақпасына шайба дарытқан Дюкарев қойды. «Арлан» соңғы төрт жылда үшінші рет финалдық серияға шығып отыр. «Сарыарқа» қола медальдар үшін таласқа түседі.

«Сарыарқа» - «Арлан» 2:4 (0:2, 1:1, 1:1)

0:1 - 03:04 - Дюкарев (Гренц)

0:2 - 14:18 - Лихотников (Карабань, Сиксна) ГБ

0:3 - 28:08 - Хорошев (Оксентюк, Дюкарев) ГБ

1:3 - 32:02 - Зайцев (Цветков, Лызин)

2:3 - 54:47 - Зайцев (Стулов)

2:4 - 58:50 - Дюкарев (Боровиков, Оксентюк) ПВ

Қақпашылар: Кадочников - Кудрявцев

«Арлан» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 4-0 (2:0, 6:2, 3:1, 4:2)

Ойынның 43-ші минутына қарай «Номад» екі шайба үстемдікпен алда келе жатты. Алайда әрі қарай «Ақтөбе» екпіндетіп, бақылауды өз қолына өткізді және ойыншы овертаймға айналдырды. Қосымша уақыт ұзаққа созылған жоқ. «Көшпенділер» қарсы шабуыл ұйымдастырып, Эдуард Шетле ойынның нүктесін қойды. Елордалық ұжым бұл жартылай финалдық серияда тағы да алға шықты.

«Ақтөбе» - «Номад» 3:4 ОТ (1:1, 0:1, 2:1, 0:1)

1:0 - 06:09 - Исмагилов (Зубковский, Кучин)

1:1 - 07:06 - Борисевич (Бекетаев, Недилько)

1:2 - 28:03 - Бекетаев (Асетов, Рахманов)

1:3 - 41:49 - Бойко (Колобов, Недилько) ГБ

2:3 - 42:50 - Гайсин (Петросян)

3:3 - 45:10 - Арбузов (Петросян, Гайсин)

3:4 - 65:14 - Шетле (Цыбин, Королёв)

Қақпашылар: Каратаев - Бояркин

«Номад» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 2-1 (3:1, 2:4, 4:3 ОТ)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.