Арланның финалға шығуына бір қадам қалды

19 naýryz
876

Қарағандыда «Арлан» мен «Сарыарқа» арасындағы жартылай финалдық серия жалғасты.

Кездесу «Арланның» голымен басталды. Александр Шевченко мен Владислав Дюкарев кем құраммен қарсы шабуыл ұйымдастырып, Дюкарев Данил Кадочниковтің қақпасын ашты. Кезең қарсыласқа үш есе соққы боратқан «Сарыарқаның» үстемдігімен өтті. Алайда үзіліске көшбасшы ретінде қонақтар кетті.

Екінші кезеңнің басында командалар Егор Буяльский мен Тимур Шангереевтің орындауындағы шайбалармен алмасты. Жекпе-жектің соңында алаң иелері голкиперді алтыншы алаң ойыншысымен алмастырып, соңғы шабуылды ұйымдастыруға тырысты. Алайда бұл жайтты Владислав Никулин пайдаланып, қарағандылықтардың бос тұрған қақпасына шайбасын дарытып, ойынның түбегейлі есебін орнатты.

«Сарыарқа» - «Арлан» 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)

0:1 - 02:36 - Дюкарев (Шевченко) ГМ

0:2 - 21:38 - Буяльский (Степаненко, Павленко)

1:2 - 22:16 - Шингареев (Стулов, Лызин)

1:3 - 58:25 - Никулин ПВ

Қақпашылар: Кадочников - Кудрявцев

«Арлан» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 3-0 (2:0, 6:2, 3:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.