Арлан Сарыарқамен матчта құрғақ жеңіске жетті

14 naýryz
390

Көкшетауда 1xBet Pro Hokei Ligasy-ның жартылай финалдық кезеңінің алғашқы матчы өтті.

Қарағандылықтар бүгін 25 соққыға тойтарыс берген Сергей Кудрявцевтің қақпасын ала алмады. «Арланның» алаң ойыншылары екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды: Дмитрий Гренц пен Андрей Павленко көзге түсті. Нәтижесінде көкшетаулықтар жартылай финалдық серияда алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

«Арлан» - «Сарыарқа» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 31:22 - Гренц (Оксентюк)

2:0 - 54:39 - Павленко (Хорошев, Буяльский)

Қақпашылар: Кудрявцев - Кадочников

«Арлан» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 1-0 (2:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.