Арлан – Сарыарқа сериясы алдында

12 naýryz
355

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ½ финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын бастаймыз.

«Арлан» (1) – «Сарыарқа» (7)


Тұрақты чемпионаттағы жеңістер/ұпайлар: 40/84 –24/53

Тұрақты чемпионаттағы салынған/өткізілген шайбалар: 194/72 – 137/145

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Дмитрий Гренц (58 ұпай, 21+37) – Евгений Григоренко (43 ұпай, 16+27)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 4:0, 2:1 Б, 6:4, 4:1, 2:3 Б

Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Данила Карабань (5+1) – Кирилл Пономарёв (1+2)

Плей-оффтағы жолы: «Бейбарысопен» серияда 4-1 – «Хумомен» серияда 4-2

Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 21/10 – 18/16

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Фёдор Хорошев (1+6) – Глеб Зайцев (4+5)


«Арлан» биылғы маусымда «Сарыарқаны» бес матчтың төртеуінде жеңді. Алайда екі ойын буллиттер сериясында аяқталғанын айтып өту қажет.

«Арлан» биылғы плей-оффтың ең нәтижелі командасы болып отыр (21 шайба). Бір қызығы, көкшетаулықтардың кубоктік раундтағы үздік бомбардирі атағын қорғаушы Фёдор Хорошев иеленді, ол жартылай финалға қатарынан төрт матчқа созылған сериядағы жеңіспен аяқ басқалы отыр.

«Сарыарқа» құрамында ширек финалдардың қорытындысы бойынша ең нәтжелі ойыншы Глеб Зайцев ойнайды. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.