Сарыарқа жартылай финалға шықты

5 naýryz
2903

Қарағандыда Қазақстан чемпионатының ең ұзаққа созылған ширекфиналдық сериясы аяқталды.

Евгений Попихиннің ойыншылары матчтың бірінші жартысында айтарлықтай ұтымды хоккей көрсетті, кем құраммен де, артық құраммен де өз сәттерін уыстан шығармай, қорғаныста да сенімді ойнады. Плей-оффтағы өздерінің сұрмергендер есебін Василий Жилов пен Павел Синявский толтырды.

Ал қарағандылықтар екінші ойын бойы өз шабуылдарын жүзеге асыруда кедергілерге тап болды. Қорытынды кезеңнің ортасына қарай Никита Жульдиков «Сарыарқаны» ойынға қайтарды. Ал финалдық ысқырыққа 52 секунд қалғанда Глеб Зайцев бос қақпаға гол салып, есепті теңестірді. Овертайм ұзаққа созылмады. Тимур Шингареев Дамир Шаймардановтың қақпасына тұтқиылдан соққы жасап, Владимир Князевтің ойыншыларын плей-оффтың екінші айналымына шығарды.

«Сарыарқа» - «Хумо» 3:2 ОТ (0:1, 0:1, 2:0, 1:0)

0:1 - 02:33 - Жилов (Кравченко) ГМ

0:2 - 24:22 - Синявский (Фищенко) ГБ

1:2 - 50:49 - Жульдиков (Лызин, Зайцев)

2:2 - 59:08 - Зайцев (Лызин, Григоренко)

3:2 - 65:45 - Шингареев (Зайцев)

Қақпашылар: Кадочников - Шаймарданов

«Хумо» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 2-4 (5:6 ОТ2, 2:5, 5:1, 1:3, 1:0, 2:3 ОТ)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.