Артур Гатиятов – 1хBet Pro Hokei Ligasy-ның апта ойыншысы

4 naýryz
292

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның 26-ші ойын аптасын қорытындылайық.

«Номад» ширек финалға қатысушылар арасынан алғаш болып плей-оффтың келесі раундына жолдама алды. Өткен аптада «көшпенділер» Рудныйда «Горнякты» екі рет жеңді, ал Артур Гатиятов осы ойындар барысында +4 пайдалылық көрсеткішімен 5 (2+3) балл жинады. Ол салған шайбалардың бірі командаға жеңіс әкелді. Дәл қазір елордалық ұжымның 15-ші нөмірлі ойыншысы кубоктік раундтың үздік бомбардирі атанып отыр.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.