Арлан жартылай финалға шықты, Хумо серияны Қарағандыға қайтарды

1 naýryz
3266

Көкшетау мен Астанада Pro Ligasy-ның ¼ финалдық матчтары өтіп жатыр.

«Арлан» «Бейбарысты» минималды есеп айырмашылығымен жеңіп, өз алаңында плей-оффтың екінші раундына жолдама алды. Жеңіс шайбасының авторы –Егор Буяльский, командаластарына екі рет Дмитрий Гренц пас берді. Осылайша, көкшетаулықтар атыраулықтармен серияны 4-1 есебімен аяқтады.

«Арлан» - «Бейбарыс» 4:3 (2:1, 1:1, 1:1)

0:1 - 11:28 - Харченко (Твердохлебов)

1:1 - 14:00 - Оксентюк (Гренц, Хорошев) ГБ

2:1 - 19:52 - Дюкарев (Гренц)

2:2 - 20:37 - Воробьев (Дыньков, Клочков)

3:2 - 24:13 - Карабань (Никулин)

4:2 - 46:48 - Буяльский (Лихотников, Карабань)

4:3 - 59:24 - Селезнёв (Воробьев)

Қақпашылар: Ахметов - Колесников

«Арлан» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 4-1 (2:4, 8:0, 3:0, 4:3 ОТ3, 4:3)

«Хумо» мен «Сарыарқаның» бесінші текетіресінде қақпашылардың ойыны алға шығып, олар өз мекендеріне 40 минуттан астам уақыт бойы шайба жуытпады. Соңғы кезеңнің басында тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирі Вадим Кравченко шайба дарыта алды. Кейін белгілі болғандай, бұл ташкенттіктер үшін жеңіс шайбасы болды. Дамир Шаймарданов қақпаға бағытталған 20 соққының барлығына тойтарыс беріп, ағымдағы плей-оффта алғаш рет құрғақ жеңіске жетті. Серияның алғашқы матчы Қарағандыда өтеді.

«Хумо» - «Сарыарқа» 1:0 (0:0, 0:0, 0:0)

1:0 - 41:35 - Кравченко (Жилов, Борисов)

Қақпашылар: Шаймарданов - Кадочников

«Хумо» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 2-3 (5:6 ОТ2, 2:5, 5:1, 1:3, 1:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.