Рудный мен Ақтөбеде Қазақстан чемпионатының ширек финалдық сериялары жалғасуда.
Қазіргі ел чемпионы аз ғана матч ішінде «Горнякпен» ширекфиналдық серияны жауып тастады. Бүгін «көшпенділер» құрамынан сұрмергендер: Олег Бойко, Михаил Рахманов пен Артур Гатиятов өз есептерін толтырды. Айдар Галимов пен Оскар Юлбарисов қарсыласты ойын соңына қарай біршама терлетті, алайда Сергей Невструевтің ойыншылары одан арыға бара алмады. Никита Бояркиннің есебінде 33 сейв бар.
Фёдор Полищуктің ойыншылары плей-оффтың екінші раундына жолдама алған алғашқы ұжым атанды.
«Горняк» - «Номад» 2:3 (0:1, 1:2, 1:0)
0:1 - 16:04 - Бойко (Гатиятов, Колобов)
0:2 - 27:13 - Рахманов (Шетле, Колесников) ГБ
0:3 - 33:55 - Гатиятов (Бойко)
1:3 - 34:46 - Галимов (Захаров)
2:3 - 58:37 - Юлбарисов (Скатов)
Қақпашылар: Нурек - Бояркин
«Номад» - «Горняк» сериясындағы есеп: 4-0 (4:1, 3:2 ОТ, 9:1, 3:2)
«Номадтың» ізінен жартылай финалдың кезеңге «Ақтөбе» өтті. Александр Поляковтың ойыншыларына «Торпедоны» жеңу үшін төрт матч қажет болды. Бүгін өскемендіктерді аластатулар сүріндірді, ал алаң иелері артық құрамды ұйымдастыруға сақтықпен қарады. Никита Потапов дубль жасады. «Ақтөбе» өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионаты плей-оффының топ-4 командалары қатарына кірді.
«Ақтөбе» - «Торпедо» 5:1 (2:0, 2:1, 1:0)
1:0 - 10:07 - Попитич (Исмагилов, Комаров)
2:0 - 19:58 - Потапов (Попитич, Ершов) ГБ
2:1 - 36:19 - Архипов (Сулимов) ГБ
3:1 - 39:09 - Шапорев (Петросян, Гайсин) ГБ
4:1 - 39:53 - Потапов (Исмагилов, Попитич) ГБ
5:1 - 43:33 - Алдабергенов (Сошников)
Қақпашылар: Каратаев - Пестов (Осокин, 43:33-60:00)
«Торпедо» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 0-4 (1:2 ОТ, 3:4 ОТ, 2:6, 1:5)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.