Ақтөбе үшінші рет Торпедоны жеңді, Арлан үшінші овертаймда Бейбарыстан жеңісті жұлып әкетті

27 aqpan
1128

Қазақстан чемпионатының ширек финалдық сериялары жалғасуда.

«Арлан» мен «Бейбарыстың» төртінші текетіресі аса тартысты өтті. Атыраулықтар сериядағы есепті теңестіруге жақын болды. Алайда қонақтар финалдық ысқырыққа төрт минут қалғанда жеңілістен құтылып кетті. Нәтижесінде командалар мұзда 111 ойын минутын өткізді. Ал матчты көкшетаулық ұжымға сериядағы үшінші жеңісті әкелген Иван Степаненконың дөп соққысы аяқтады.

«Бейбарыс» - «Арлан» 3:4 ОТ3 (1:1, 1:1, 1:1, 0:1)

1:0 - 09:55 - Холоденин (Степанов, Кунишников) ГБ

1:1 - 15:06 - Хорошев (Оксентюк, Гренц) ГБ

1:2 - 27:51 - Оксентюк

2:2 - 31:02 - Степанов (Ананичев, Холоденин) ГБ

3:2 - 48:03 - Твердохлебов (Клочков, Дыньков) ГБ

3:3 - 56:09 - Карабань (Хорошев)

3:4 - 111:09 - Степаненко (Лихотников, Карабань)

Қақпашылар: Смирягин - Кудрявцев

«Арлан» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 3-1 (2:4, 8:0, 3:0, 4:3 ОТ3)

«Ақтөбе» 27-ші секундта-ақ гол өткізіп алды, алайда әрі қарай Александр Поляковтың командасы ойынға оралып, «Торпедомен» сериядағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Стас Петросян өзін тағы да көрсетіп, дубль жасады, сонымен қатар Вадим Митряков екі дөп соққы жасады. Алаң иелерінің қақпашысы Денис Қаратаев қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 6:2 (3:1, 1:1, 2:0)

0:1 - 00:27 - Данияр (Архипов, Лагунов)

1:1 - 01:43 - Шапорев (Гайсин, Арбузов)

2:1 - 11:12 - Петросян (Гайсин)

3:1 - 17:35 - Петросян (Арбузов, Ершов)

4:1 - 22:43 - Митряков (Попитич, Зубковский)

4:2 - 30:15 - Кожевников (Гасников)

5:2 - 40:23 - Митряков (Потапов, Арбузов)

6:2 - 47:41 - Потапов (Митряков)

Қақпашылар: Каратаев - Янков (Осокин, 47:41-60:00)

«Торпедо» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 0-3 (1:2 ОТ, 3:4 ОТ, 2:6)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.