Горняк пен Хумоның маусымды аяқтауына бір қадам қалды
Қарағандыда «Сарыарқа» «Хумоны» жеңіп, ташкенттік қарсыласты чемпионаттан шығып қалу қаупіне ұшыратты. Алаң иелеріне Тимур Шингареевтің, Дмитрий Стулов пен Александр Конновтың дөп соққылары, сонымен қатар «Сарыарқаның» жаңа ойыншысы Данил Кадочниковтың 45 сейві жеңіс әкелді. Владимир Князевтің командасына келесі айналымға шығу үшін бір жеңіс қажет.
«Сарыарқа» - «Хумо» 3:1 (2:0, 0:0, 1:1)
1:0 - 06:14 - Шингареев
2:0 - 10:50 - Стулов (Коннов, Шингареев)
3:0 - 45:20 - Коннов (Зайцев, Лызин)
3:1 - 57:38 - Щегольков (Назаревич, Гловацкий) ГБ
Қақпашылар: Кадочников - Шаймарданов
«Хумо» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 1-3 (5:6 ОТ2, 2:5, 5:1, 1:3)
Рудныйда «Номад» «Горнякты» тырп еткізбеді. Алаң иелерінің қақпасына соңғы кезеңнің басына қарай алты шайба өтіп үлгерді. Әлихан Әсетов пен Михаил Рахманов дубль жасады. Үшінші кезеңде Александр Катков абырой шайбасын ұйымдастырды, алайда одан арғыға «кеншілердің» шамасы жетпеді. Қазіргі Қазақстан чемпионының жартылай финалға шығуына бір қадам қалды.
«Горняк» - «Номад» 1:9 (0:2, 0:4, 1:3)
0:1 - 04:25 - Бутенко (Гусейнов)
0:2 - 11:43 - Әсетов (Недилько, Өмірбеков)
0:3 - 21:43 - Әсетов (Рахманов, Колесников) ГБ
0:4 - 31:52 - Бойко (Шетле, Гатиятов)
0:5 - 36:49 - Колобов (Гатиятов, Королёв)
0:6 - 39:52 - Рахманов (Шетле)
1:6 - 45:44 - Куршук (Юлбарисов, Галимов)
1:7 - 48:32 - Пелевин (Гусейнов, Әсетов)
1:8 - 55:03 - Гатиятов (Колобов, Недилько) ГБ
1:9 - 56:23 - Рахманов (Әсетов) ГБ
Қақпашылар: Нурек (Лигай, 40:00-56:23) - Бояркин
«Номад» - «Горняк» сериясындағы есеп: 3-0 (4:1, 3:2 ОТ, 9:1)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.