Хумо Сарыарқамен сериядағы алғашқы матчында жеңді, Арлан Бейбарыспен текетіресте алға шықты

25 aqpan
857

Хумо Сарыарқамен сериядағы алғашқы матчында жеңді, Арлан Бейбарыспен текетіресте алға шықты

«Хумо» басталған плей-оффтағы өзінің үздік матчын өткізіп, «Сарыарқамен» серияда алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Соңғы кезеңнің басына қарай ташкенттіктер шешуші үстемдікке жетіп, қарағандылықтарға ойынға оралуға мүмкіндік бермеді. Қонақтар құрамынан Вадим Кравченко дубль жасады, өз командасының екі нәтижелі шабуылына Вадим Щегольков (1+1) қатысты. Дамир Шаймардановтың есебінде 30 сейв бар.

«Сарыарқа» - «Хумо» 1:5 (0:1, 0:3, 1:1)

0:1 - 19:31 - Кравченко ШБ

0:2 - 22:26 - Чурюканов (Болучевский)

0:3 - 26:55 - Щегольков (Фищенко)

0:4 - 27:20 - Кравченко (Гловацкий) ГБ

0:5 - 42:05 - Козловский (Синявский, Щегольков)

1:5 - 49:57 - Хрипков (Наместников, Лызин)

Қақпашылар: Ибрагимов (Коваль, 42:05-60:00) - Шаймарданов

«Хумо» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 1-2 (5:6 ОТ2, 2:5, 5:1)

«Бейбарыс» екінші ойында қатарынан Сергей Кудрявцевтің қақпасын ала алмады. Көкшетаулықтар өз сәттерін ұтымды іске асырып, қорғаныста мығым ойнады. Атыраулықтардың қақпасына шайба салғандар – Владислав Дюкарев, Данила Карабань мен Владислав Никулин. «Арланның» голкипері қақпаға бағытталған 20 соққының барлығына тойтарыс беріп, өз командасына ағымдағы ширекфиналда алғаш рет алға шығуға көмектесті.

«Бейбарыс» - «Арлан» 0:3 (0:1, 0:2, 0:0)

0:1 - 16:00 - Дюкарев (Оксентюк, Хорошев) ГБ

0:2 - 26:22 - Карабань (Железнов)

0:3 - 29:41 - Никулин (Степаненко, Хорошев)

Қақпашылар: Смирягин - Кудрявцев

«Арлан» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 2-1 (2:4, 8:0, 3:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.