Номад Горнякпен серияда екінші жеңісіне қол жеткізді, Петросянның хет-тригі Ақтөбеге Торпедомен текетіресте көмектесті

22 aqpan
411

Номад Горнякпен серияда екінші жеңісіне қол жеткізді, Петросянның хет-тригі Ақтөбеге Торпедомен текетіресте көмектесті

«Горняк» Астанада «Номадпен» екінші матч барысында Виктор Васин мен Валерий Гуриннің голдарынан кейін екі рет есеп бойынша алға шықты. Алайда екі ретте де алаң иелері жылдам есе қайтарды. «Көшпенділер» құрамынан Әлихан Әсетов пен Никита Колобов көзге түсті.

Соңғы кезең шайбасыз өтті. Бірінші овертаймның басында елордалық ұжымның үздік бомбардирі Артур Гатиятов «Номадқа» сериядағы екінші жеңісті әкелді.

«Номад» - «Горняк» 3:2 ОТ (1:1, 1:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 07:27 - Васин (Лазарев, Шишов)

1:1 - 13:22 - Асетов (Оспанов, Недилько)

1:2 - 25:56 - Гурин (Воронин, Платонов)

2:2 - 27:01 - Колобов (Диханбек, Гатиятов)

3:2 - 63:33 - Гатиятов (Бойко, Недилько)

Қақпашылар: Бояркин - Нурек

«Номад» - «Горняк» сериясындағы есеп: 2-0 (4:1, 3:2 ОТ)

«Торпедо» мен «Ақтөбе» тағы да ойынды негізгі уақыттан тыс аяқтады. Тағы да кездесудің нүктесі бірінші овертаймның басында қойылды. Хет-трик жасап шешуші голдың авторы атанған қонақтардың үздік бомбардирі Стас Петросян тамаша ойын көрсетті. Александр Поляковтың ойыншылары Өскеменнен сериядағы жайлы есеп үстемдігімен қайтты.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 3:4 ОТ (1:0, 2:3, 0:0, 0:1)

1:0 - 09:47 - Сулимов (Архипов) ГБ

1:1 - 23:20 - Митряков (Кучин, Горожанинов)

2:1 - 28:17 - Панченко (Сенотов, Тунхузин)

2:2 - 38:26 - Петросян (Шапорев)

2:3 - 39:15 - Петросян (Арбузов, Шапорев) ГБ

3:3 - 39:52 - Шин (Белохонов, Габазов)

3:4 - 62:30 - Петросян

Қақпашылар: Янков - Каратаев

«Торпедо» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 0-2 (1:2 ОТ, 3:4 ОТ)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.