Арлан Бейбарыстың қақпасына сегіз жауапсыз шайба аттандырды, Сарыарқа сериядағы үстемдікті нығайтты

21 aqpan
1444

Көкшетау мен Ташкентте ¼ финалдың екінші матчтары өтті.

«Арлан» мен «Бейбарыстың» екінші жекпе-жегінде атыраулық ұжымның еш мүмкіндігі болмады деуге болады. Қонақтардың қақпасына жауапсыз сегіз шайба аттанды. Қарсыласты екі реттен Евгений Оксентюк пен Эдгарс Сиксна састырды. Көкшетаулық қақпашы Сергей Кудрявцевтің есебінде 24 сейв бар. Командалар Атырауға сериядағы тең есеппен ойысты.

«Арлан» - «Бейбарыс» 8:0 (0:0, 3:0, 5:0)

1:0 - 27:19 - Гренц (Павленко, Хорошев) ГБ

2:0 - 32:49 - Оксентюк (Степаненко, Хорошев)

3:0 - 34:10 - Сиксна (Никулин, Боровиков)

4:0 - 52:23 - Лихотников (Дюкарев, Сергеев)

5:0 - 53:02 - Сиксна (Карабань) ГБ

6:0 - 56:10 - Боровков (Пархоменко, Волков)

7:0 - 57:05 - Оксентюк (Дюкарев)

8:0 - 58:22 - Павленко (Буяльский, Шевченко)

Қақпашылар: Кудрявцев - Смирягин (Фанайлов, 58:22-60:00)

«Арлан» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 1-1 (2:4, 8:0)

«Сарыарқа» Ташкенттегі екінші матчта бірінші кезеңді екпіндетіп өткізді. Қарағандылықтар сегіз минутқа жетер-жетпес уақыт ішінде үш нәтижелі шабуыл жасады: авторлары – Глеб Зайцев, Александр Коннов пен Егор Цветков. «Хумо» тағы да өкшелеп қуып, Вадим Кравченко мен Иван Фищенконың арқасында есеп алшақтығын минимумға дейін азайтты. Алайда қорытынды кезеңде Владимир Князевтің ойыншылары дәлірек көздеді. «Сарыарқа» шахтерлер астанасына ¼ финалда екі жеңіспен көш бастап оралды.

«Хумо» - «Сарыарқа» 2:5 (1:3, 1:0, 0:2)

0:1 - 02:46 - Зайцев (Шульга)

0:2 - 04:50 - Коннов (Лызин, Хрипков)

0:3 - 07:20 - Цветков (Лызин, Зайцев)

1:3 - 13:36 - Кравченко (Гопиенко, Чубенко)

2:3 - 48:15 - Фищенко (Дорофеев, Козловский) ГБ

2:4 - 49:44 - Кнауб (Пальмтаг)

2:5 - 50:03 - Шингареев (Кузьменко, Григоренко)

Қақпашылар: Мейдер (Чубенко, 10:42-20:00) - Ибрагимов

«Хумо» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 0-2 (5:6 ОТ2, 2:5)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.