Номад пен Ақтөбе плей-оффтағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді

21 aqpan
432

Номад пен Ақтөбе плей-оффтағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді

Алаң иелері есепті жетінші минутта ашты – Михаил Рахманов көзге түсті. Екінші кезеңнің ортасына қарай «көшпенділер» Артур Гатиятовтың арқасында үстемдікті нығайтты. Алайда көп ұзамай рудныйлықтар жауап берді – шайбаны Айдар Галимов салды.

Қорытынды кезең «Номадтың» бақылауында өтті. Олег Бойко мен Әлихан Өмірбековтің дөп соққылары елордадағы бірінші текетіресті қорытындылады.

«Номад» - «Горняк» 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)

1:0 - 06:56 - Рахманов (Недилько, Колесников)

2:0 - 30:06 - Гатиятов (Бойко, Колобов)

2:1 - 30:15 - Галимов (Куршук, Кротов)

3:1 - 42:53 - Бойко (Пелевин, Недилько)

4:1 - 51:51 - Өмірбеков (Әсетов, Диханбек)

Қақпашылар: Бояркин - Нурек

«Номад» - «Горняк» сериясындағы есеп: 1-0 (4:1)

«Торпедо» мен «Ақтөбе» арасындағы бірінші матчта командаларға 60 минут жеңімпазды анықтау үшін жеткіліксіз болды. Негізгі уақытта қарсыластар Александр Панченко мен артық құраммен салған Дмитрий Исмагиловтың орындауындағы голдармен алмасты.

Овертаймда қонақтар екі реттен артық құрам ұйымдастырып, биылғы плей-оффтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Андрей Янковтың қақпасына дөп тиген Иван Кучиннің шайбасы ойынның тағдырын шешті. «Ақтөбе» қақпашысы Денис Каратаев қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 1:2 (1:0, 0:1, 0:0)

1:0 - 06:59 - Панченко (Сенотов, Гасников)

1:1 - 26:52 - Исмагилов (Ершов, Попитич) ГБ

1:2 - 69:36 - Кучин ГБ

Қақпашылар: Янков - Каратаев

«Торпедо» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 0-1 (1:2 ОТ)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.