Бейбарыс Арланмен серияда алға шықты, Сарыарқа екінші овертаймда Хумодан жеңісті жұлып әкетті

20 aqpan
730

Бейбарыс Арланмен серияда алға шықты, Сарыарқа екінші овертаймда Хумодан жеңісті жұлып әкетті

Плей-оффтың басталған раундындағы алғашқы голдың авторы – Илья Харченко. «Бейбарыс» шабуылшысы атыраулықтардың тегеурінді шабуылының арқасында қарсыласқа шайба салды. Екінші кезеңде алаң иелері бұған Егор Буяльскийдің дуплетімен жауап берді. Ол шабуылдау аймағының ортасынан екі тамаша соққы жасады.

Ал соңғы кезең қонақтардың пайдасына шешілді. «Бейбарысқа» қайта алға шығу үшін үш минуттан аз уақыт қажет болды. Плей-оффта өздерінің сұрмергендер есебін Александр Воробьёв пен Алексей Клочков толықтырды. Матчтың нүктесін «көкшеліктердің» бос қақпасына шайба дарытқан Харченко қойды.

«Арлан» - «Бейбарыс» 2:4 (0:1, 2:0, 0:3)

0:1 - 12:51 - Харченко

1:1 - 23:47 - Буяльский (Шевченко, Павленко)

2:1 - 28:21 - Буяльский (Степаненко)

2:2 - 47:46 - Клочков

2:3 - 45:01 - Воробьев (Селезнёв, Ананичев)

2:4 - 59:42 - Харченко (Степанов)

Қақпашылар: Ахметов - Смирягин

«Арлан» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 0-1 (2:4)

«Сарыарқа» Ташкентте бастапқы минуттардысергек өткізіп, Глеб Зайцев пен Тимур Шингареевтің нәтижелі соққыларынан кейін жайлы есеп айырмашылығын орнатты. Үзіліске дейін Вадим Щегольков бір шайбаның есесін қайтарды. Ал екінші кезеңнің басында Павел Синявский есеп теңестірді.

Алайда қонақтар еш саспады. Руслан Дёмин жергілікті көрерменді екі рет сан соқтырып, «Хумоның» қақпасына бесінші шайбаны Александр Коннов салды. Әрі қарай алаң иелері нағыз тартыс ұйымдастырып, ойынды овертаймға айналдырды. Щегольков пен Синявский дубльдер жасап, камбэкті Илья Назаревич бастады.

Кездесудің жеңімпазы екінші овертаймда анықталды. Ойынның нүктесін Глеб Зайцев қойды.

«Хумо» - «Сарыарқа» 5:6 ОТ2 (1:2, 1:2, 3:1, 0:1)

0:1 - 05:11 - Зайцев (Лызин)

0:2 - 17:43 - Шингареев (Стулов) ГБ

1:2 - 18:44 - Щегольков (Сорокин, Чеботарев)

2:2 - 21:03 - Синявский (Назаревич, Гловацкий) ГБ

2:3 - 26:37 - Дёмин (Зайцев) ГМ

2:4 - 30:48 - Дёмин

2:5 - 43:17 - Коннов ГБ

3:5 - 50:58 - Назаревич (Кравченко, Гловацкий) ГБ

4:5 - 51:36 - Щегольков

5:5 - 56:16 - Синявский (Сорокин)

5:6 - 83:54 - Зайцев (Лызин, Коннов)

Қақпашылар: Шаймарданов - Микушин (Коваль, 37:46-83:54)

«Хумо» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 0-1 (5:6 ОТ2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.