Арлан – Бейбарыс сериясы алдында

17 aqpan
1508

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ¼ финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын бастаймыз.

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ¼ финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын бастаймыз.


«Арлан» (1*) – «Бейбарыс» (8)

* Мұнда және әрі қарай – тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша орны


Жеңістер/ұпайлар: 40/84 – 20/47

Тұрақты чемпионаттағы салынған/өткізілген шайбалар: 194/72 – 140/157

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Дмитрий Гренц (58 ұпай, 21+37) – Евгений Степанов (35 ұпай, 11+24)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:2 ОТ, 4:0, 7:3, 4:2, 3:1

Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Данила Карабань (4+3) – Евгений Степанов (1+3)

Қосымша өтінім: Эдуард Михайлов (з) – Сергей Твердохлебов (н)


«Арлан» тұрақты чемпионат аясында «Бейбарыспен» жекпе-жек матчтардың бесеуінде де жеңді. Бұл ретте командалар бірігіп шамамен 6 шайбадан салып отырды (5,8).

«Арланның» форварды Дмитрий Гренц тұрақты чемпионаттың екінші бомбардирі атанды. Көкшетаулықтардың қақпашысы Арсений Ахметов сенімділік коэффициенті (1,6) мен тойтарылған соққылар пайызы (92,8) бойынша өз амплуасында ойыншылардың топ-3-тігіне кірді.

«Бейбарыс» тұрақты чемпионатта өткізілген шайба саны бойынша плей-оффтың сегіз қатысушысы арасында жетінші орында тұр.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.