Горняк түзде Ақтөбені жеңіп, тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Торпедоны төртінші орынға бекітті

5 aqpan
1110

Хоккейден Қазақстан чемпионатында дүйсенбіге бір матч жоспарланған.

Ойында екінші кезең шешуші болып, рудныйлықтар екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Кездесудің басты қаһармандары – дубль жасаған Захар Захаров және қақпаға бағытталған 32 соққыға тойтарыс берген «Горняк» қақпашысыВладислав Нурек.

Осы жеңілісінен кейін «Ақтөбе» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бесінші орыннан жоғарыға көтерілу мүмкіндігінен айрылды. Плей-оффты төртінші орыннан өскемендік «Торпедо» бастайды.

«Ақтөбе» - «Горняк» 0:3 (0:0, 0:2, 0:1)

0:1 - 21:37 - Захаров (Ханьжин, Васин) ГБ

0:2 - 32:22 - Захаров (Галимов, Юлбарисов)

0:3 - 49:23 - Васин (Юлбарисов, Галимов)

Қақпашылар: Ершов - Нурек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.