Номад Торпедоға жол берді, Бейбарыс плей-оффқа шықты

3 aqpan
1058

Сенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланды.

Ойын күнінің алғашқы жекпе-жегінде «Торпедо» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Номадтан» басым түсті. Қонақтардың құрамынан Евгений Сулимов пен Андрей Лагунов екі дөп соққыдан жасады. Өскемендіктер тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша төртінші орынды сақтап қалуға үлкен қадам жасады.

«Номад» - «Торпедо» 3:5 (1:3, 1:1, 1:1)

1:0 - 04:13 - Колесников (Диханбек, Шульга)

1:1 - 14:26 - Кожевников (Зубов, Сулимов)

1:2 - 18:29 - Сулимов (Шин, Кожевников)

1:3 - 19:55 - Лагунов (Данияр)

2:3 - 24:20 - Гатиятов (Бойко, Колобов)

2:4 - 36:12 - Сулимов (Быков, Панченко)

3:4 - 57:24 - Саушкин (Бутенко)

3:5 - 59:59 - Лагунов ПВ

Қақпашылар: Бояркин - Янков

«Алматы» «Бейбарыстың» тегеурініне төтеп беруге дайын болмай шықты. Бірінші кезеңде-ақ атыраулықтар алты нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, әрі қарай бақылауды уыстан шығармады. Қарсыласты екі реттен Евгений Степанов пен Илья Харченко састырды. Осы жеңісінің арқасында «Бейбарыс» Қазақстан чемпионатының плей-оффына соңғы сегізінші жолдаманы жеңіп алды.

«Алматы» - «Бейбарыс» 2:9 (0:6, 2:1, 0:2)

0:1 - 04:02 - Кунишников (Гофман, Степанов)

0:2 - 07:45 - Степанов (Ананичев) ГБ

0:3 - 12:26 - Степанов (Кунишников, Ананичев)

0:4 - 13:01 - Харченко (Воробьев, Клочков)

0:5 - 17:18 - Харченко ГБ

0:6 - 19:07 - Королинский (Москалев, Ананичев)

1:6 - 23:01 - Давыдов (Штефан, Подшендялов)

2:6 - 33:22 - Твердохлебов (Подшендялов)

2:7 - 37:39 - Воробьев (Клочков, Харченко)

2:8 - 54:41 - Пиниди (Гребенщиков, Гусейнов)

2:9 - 57:49 - Клочков (Воробьев, Селезнёв)

Қақпашылар: Нефедов (Колесников, 13:01-19:07) - Калмыков (Фанайлов, 50:50-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.