Арлан буллиттер сериясында Хумоға жол берді, алайда тұрақты чемпионатты мерзімінен бұрын жеңді

2 aqpan
1034

Қазақстан чемпионаты ойын аптасының басты жекпе-жегі Көкшетауда өтті.

«Арлан» «Хумомен» кездесу барысында екі рет есеп бойынша алға шықты, алайда ташкенттіктердің екеуінде де таблодағы есепті теңестіруге шамасы жетті. Шешуші соққы Вадим Гловацкийдің есебінде. Бүгін бір балл иемденген «көкшеліктер» жеңіліске қарамастан, чемпионат аяқталуына үш тур қалғанда жеңімпаз атанып қойды, «Хумо» екінші орынға табан тіреп, елордалық «Номад» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үшінші орынды иемденеді.

«Арлан» - «Хумо» 2:3 Б (1:0, 0:1, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 06:34 - Дюкарев (Сиксна)

1:1 - 25:41 - Свинцицкий (Дорофеев)

2:1 - 46:18 - Сиксна (Гренц, Карабань) ГБ

2:2 - 58:17 - Фищенко (Сорокин)

2:3 - 65:00 - Гловацкий ПБ

Қақпашылар: Кудрявцев (Шефер, 65:00-65:00) - Шаймарданов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.