Ақпан айының алғашқы күнінде хоккейден Қазақстан чемпионатында бір матч өтті.
«Көшпенділер» «Бейбарыспен» үйдегі матчта есепті 28-ші секундта-ақ ашты және үстемдіктері матч бойы арта берді. «Номад» ойынды қиналмастан өз бақылауында ұстап, ара-арасында өз сәттерін ұтымды пайдаланып отырды. Қонақтар тек есеп 0:6 болған кезде ғана алғашқы жауап голын ұйымдастырды. Астаналықтар құрамынан екі дөп соққыны өз есебіне Никита Колобов жазды.
«Номад» - «Бейбарыс» 7:2 (4:0, 1:0, 2:2)
1:0 - 00:28 - Колобов (Бойко, Недилько)
2:0 - 03:45 - Колобов ГБ
3:0 - 09:29 - Бойко (Колобов, Гатиятов) ГБ
4:0 - 19:39 - Недилько (Гатиятов)
5:0 - 37:29 - Бутенко (Мусоров)
6:0 - 51:32 - Колесников (Рахманов, Шульга)
6:1 - 53:32 - Кунишников
7:1 - 55:58 - Шетле (Царёв, Александров)
7:2 - 57:06 - Клочков (Тесленко)
Қақпашылар: Бояркин - Смирягин (Калмыков, 20:00-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.