Қазақстан чемпионатындағы жаңа апта екі матчпен басталды.
«Арлан» «Сарыарқамен» ойын барысында екі рет есеп бойынша алға шықты, алайда екеуінде де қарағандылықтар есе қайтара білді. Нәтижесінде, жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Мұнда алаң иелері дәлірек көздеді – жеңіс соққысы Евгений Григоренконың есебінде.
«Сарыарқа» - «Арлан» 3:2 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)
0:1 - 28:33 - Свинтальский (Гренц, Полохов)
1:1 - 36:22 - Злобин (Дёмин, Жульдиков) ГБ
1:2 - 47:35 - Боровков (Сиксна)
2:2 - 48:21 - Стулов
3:2 - 65:00 - Григоренко ПБ
Қақпашылар: Микушин – Кудрявцев (Шефер, 65:00-65:00)
«Номад»екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, павлодарлық қарсыластарын қиналмастан жеңді. Соңғы кезеңнің басында «Ертіс» абырой шайбасын салды, алайда бұл сәтте кездесудің тағдыры шешіліп қойған еді. Өз командасының төрт нәтижелі шабуылына Артур Гатиятов (1+3) қатысты. Станислав Александровтың есебіндеүш пас беру бар.
«Ертіс» - «Номад» 1:7 (0:1, 0:5, 1:1)
0:1 - 16:57 - Шульга (Колесников, Рахманов)
0:2 - 22:04 - Колобов (Гатиятов, Бутенко)
0:3 - 26:38 - Цыбин (Гусейнов, Александров)
0:4 - 30:06 - Бойко (Гатиятов, Александров) ГБ
0:5 - 33:23 - Гатиятов (Бутенко, Бойко) ГБ
0:6 - 38:34 - Гусейнов (Цыбин, Александров)
1:6 - 40:28 - Карпов (Щемель)
1:7 - 44:06 - Королёв (Гатиятов, Бутенко)
Қақпашылар: Нечвиенко (Ваганян, 26:38-60:00) - Амирбеков (Синдеев, 55:16-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.