Хоккейден Қазақстан чемпионатында жұмаға үш кездесу жоспарланды.
Астанада Құрлықтық кубоктің екі қазақстандық иегері – «Номад» пен «Арлан» кездесті. Бүгін Дмитрий Гренц пен Захар Пархоменконың дөп соққыларының арқасында жеңіске жеткен көкшетаулық хоккейшілер басым түсті. «Көкшеліктердің» қақпашысы Сергей Кудрявцев қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді. «Арлан» Лиганың турнир кестесінде бірінші орнын сенімді түрде сақтап келеді.
«Номад» - «Арлан» 1:2 (1:1, 0:1, 0:0)
0:1 - 17:05 - Гренц (Дюкарев, Павленко)
1:1 - 19:12 - Тетерин
1:2 - 34:10 - Пархоменко (Гренц, Дюкарев)
Қақпашылар: Амирбеков - Кудрявцев
«Бейбарыс» павлодарлықтардың қақпасына он шайба аттандырып, «Ертісті» ойсырата жеңді. Алаң иелері үшін, әсіресе, екінші кезең нәтижелі болды. Александр Воробьев дубль жасады, Евгений Королинский, Олег Гофман, Евгений Степанов пен Антон Петров үш балдан иемденді.
«Бейбарыс» - «Ертіс» 10:2 (2:1, 4:0, 4:1)
1:0 - 00:13 - Воробьев (Холоденин, Дыньков)
2:0 - 01:48 - Королинский (Ананичев, Александров)
2:1 - 11:48 - Абянов (Кураков, Тарасенко)
3:1 - 22:17 - Гофман (Ананичев, Александров)
4:1 - 22:50 - Петров (Нурлан)
5:1 - 38:38 - Степанов (Огиенко) ГБ
6:1 - 39:24 - Ананичев (Королинский, Гофман)
7:1 - 41:48 - Кунишников (Степанов) ГБ
7:2 - 43:13 - Кузык (Абдрашитов, Атаханов) ГБ
8:2 - 44:07 - Харченко (Кунишников, Степанов)
9:2 - 46:10 - Аргымбаев (Петров, Нұрлан)
10:2 - 51:36 - Воробьев (Холоденин, Ананичев)
Қақпашылар: Фанайлов - Нечвиенко (Ваганян, 01:48-40:00)
«Горняк» «Торпедомен» кездесу барысында екі рет есеп бойынша алға шықты, алайда екі ретте де қонақтар есе қайтарды. Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Саян Данияр өскемендіктерге екі балл сыйлады.
«Горняк» - «Торпедо» 2:3 (1:0, 1:1, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 - 02:31 - Шишов (Садиков, Платонов) ГБ
1:1 - 32:00 - Панченко (Сулимов, Быков)
2:1 - 32:05 - Гурьев (Ляпунов)
2:2 - 46:24 - Архипов (Данияр, Габазов)
2:3 - 65:00 - Данияр ПБ
Қақпашылар: Нурек - Пестов (Осокин, 65:00-65:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.