Номад Кардиффті сенімді түрде жеңді

13 qańtar
328

Құрлықтық кубоктің финалдық кезеңінің алғашқы матчында «Номад» турнир иелері – «Кардифф Девилзді» сенімді түрде жеңді.

Құрлықтық кубоктің финалдық кезеңінің алғашқы матчында «Номад» турнир иелері – «Кардифф Девилзді» сенімді түрде жеңді.

Қазақстандық команда құрамынан Абай Маңғысбаев дубль жасады, Станислав Александров, Николай Шульга мен Михаил Рахманов бір-бір шайбадан салды. Қақпашы Никита Бояркин қақпаға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берді.

Ойын күнінің басқа матчында «Катовице» буллиттер сериясында «Хернинг Блю Фоксты» жеңді (5:4).

«Номад» - «Кардифф Девилз» 5:2 (2:1, 1:1, 2:0)

1:0 – 01:50 – Александров

2:0 – 02:28 – Мангисбаев (Макеев, Бутенко)

2:1 – 07:04 – Арньель (Крэндалл, Вайлде)

3:1 – 20:55 – Шульга (Мусоров, Гатиятов)

3:2 – 34:40 – Вайлде (Крэндалл)

4:2 – 45:29 – Мангисбаев (Кайыржан, Цыбин)

5:2 – 58:14 – Рахманов (Бойко) ГМ ПВ

Қақпашылар: Бояркин – Уолл 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.