Құрлықтық кубок финалының қатысушыларын таныстырамыз

11 qańtar
520

Халықаралық хоккей федерациясы ҚК-ның Кардиффте өтетін финалдық раундының қатысушыларын таныстырды.

Финалдық раунд матчтарын үш мыңнан астам көрерменді сыйғызатын «Виндико» аренасы қабылдайды. Бір қызығы, барлық қатысушы-командалар бұған дейін шешуші турнирге қатысқан, алайда ешбірі армандаған кубокті жеңіп алмаған.

«Номад» турнирге өз бабында аттанды. Сейсенбі күні команда ішкі чемпионатта «Горнякты» жеңіп (7:3), алты сағат белдеуін артта қалдырып, Батыстағы Уэльске жетті. Қазақстандық команда матчтары Гренобльде өткен ҚК-ның үшінші турын сенімді түрде өткізді. «Номад» барлық ойындарда жеңімпаз атанып, Е тобының көшін бастады. Қақпашы Никита Бояркин де тамаша ойын көрсетіп, 1,67 сенімділік коэффициентімен қақпаға бағытталған соққылардың 96,15%-ына тойтарыс берді. 2018 жылы «Номад» Құрлықтық кубоктің финалдық турнирінде екінші орынға табан тіреді.

Қазіргі таңда Польша чемпионатының сөзсіз көшбасшысы атанған «Катовице» ҚК-ның финалдық кезеңіне оңай өтті. Командаға бұл межеге жету үшін италиялық Кортина Д'Ампеццо қаласында екі матчта жеңу жеткілікті болды. 2019 жылы «Катовице» ҚК-ның финалдық турнирінде үшінші орынды иеленді. Өткен көктемде Ноттингемдегі турнирде Польша құрамасына 2002 жылдан бері әлемдік хоккейдің жоғарғы дивизионына шығуға көмектескен Мацей Кручектің, Бартош Фрашконың, Матеуш Михальскидің, Гжегож Пасют пен қақпашы Джон Мюррейдің Британ аралдарына оралуы қызық болып тұр.

«Кардифф» команда үшін екінші ҚК финалында нәтижені жақсартқысы келетін жергілікті жанкүйерлерден үлкен қолдау күтіп отыр. Үшінші раунд көшбасшыларының бірі – 5 (3+2) ұпай жинаған және «Гренобльмен» матчта шешуші голды салған (1:0) Джастин Крэндалл. Бұл жеңіс командаға финалға өтуге көмектесті. Дәл сол ойынның тағы бір қаһарманы британдық қақпашы Бен Баунс болды. Іші чемпионаттағы күрделі жағдайға (соңғы 4 матчтағы 1 жеңіс) қарамастан, Пит Расселдің ойыншылары демалыс күндері өздерінің үздік ойынын көрсетіп, «Кардиффке» ҚК-дағы әзірге жалғыз жеңіліс әкелген «Номадтан» қарымта қайтаруға дайындалып отыр.

«Хернинг Блю Фокс» қазіргі таңда ішкі чемпионатта екінші орында тұр, алайда команданың қазіргі ахуалы аса жақсы емес. Жекелеген ойыншылардың қателіктері Пер Ханберг жаттықтыртын команда үшін қымбатқа түсіп жүр. Бәлкім, Кардиффке аттанар алдындағы көңіл күйді үшінші орындағы «Оденсеге» қарсы матчтағы жеңіс (5:4 овертайм) көтерер. «Хернингтегі» Йеспер Торнберг қазіргі таңда лиганың үздік бомбардирі атанып отыр. Одан кейін командаласы Матиас Фром тұр. 2015/2016 жылғы маусымнан бастап қорғаныста, «Хернинг» Құрлықтық кубоктің финалдық раундында ойнап, мәреге екінші болып жеткен кезде екі тәжірибелі «блюлайнер» Якоб Йессен мен Патрик Мэдсен қалды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.