Хоккейден Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Көкшетауда өтті.
Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Арлан» өз алаңында «Бейбарыстың» арынын басты. «Көкшеліктер» үшін жеңіс шайбасының авторы – тәжірибелі Иван Степаненко. Айтып өтетін жайт, атыраулықтар биылғы маусымда көкшетаулықтарды бір де бір рет жеңген жоқ. «Арланның» есебінде бес кездесу бойынша бес жеңіс бар.
«Арлан» - «Бейбарыс» 3:1 (0:0, 2:1, 1:0)
1:0 - 23:05 - Боровков (Никулин, Хорошев)
1:1 - 30:24 - Гусейнов (Холоденин, Гатин)
2:1 - 34:46 - Степаненко (Карабань, Лихотников)
3:1 - 57:11 - Буяльский (Павленко, Волков)
Қақпашылар: Кудрявцев - Смирягин (Калмыков, 20:00-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.