Номад Горнякты жеңді, Қарағандыдағы буллиттер, Торпедо Құлагерден басым түсті

9 qańtar
498

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш кездесумен жалғасты.

«Номад» жаңажылдық демалыстардан кейін екінші рет ірі жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі үшінші орнын нығайта түсті. «Көшпенділер» құрамынан Станислав Александр мен Николай Шульга дубль жасады. Рудныйлықтардың барлық нәтижелі шабуылдарына Айдар Галимов (1+2) атсалысты.

«Номад» - «Горняк» 7:3 (3:1, 3:1, 1:1)

0:1 - 03:33 - Юлбарисов (Галимов, Кротов)

1:1 - 08:02 - Борисевич (Колобов, Рахманов)

2:1 - 09:30 - Цыбин (Манаш, Никитин)

3:1 - 12:44 - Александров (Гусейнов, Манаш)

3:2 - 23:39 - Куршук (Юлбарисов, Галимов) ГМ

4:2 - 24:43 - Шульга (Рахманов, Мусоров)

5:2 - 31:13 - Александров (Гусейнов)

6:2 - 37:25 - Мусоров (Пелевин)

7:2 - 41:18 - Шульга (Пелевин)

7:3 - 59:44 - Галимов (Юлбарисов, Скатов) ГБ

Қақпашылар: Бояркин - Нурек (Лигай, 37:35-60:00)

«Сарыарқа» «Алматымен» матчта екі шайба артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарып, негізгі уақыттағы жеңілістен құтылды. Алайда бүгінгі екі балды дегенмен оңтүстікастаналық хоккейшілер иемденді. Жеңіс соққысының авторы – алматылықтардың көшбасшысы Сергей Твердохлебов, өз командасының төрт нәтижелі шабуылына қорғаушы Илья Давыдов қатысты. Алаң иелері құрамынан жаңа ойыншы Тимур Шингареев дубль жасады.

«Сарыарқа» - «Алматы» 4:5 Б (1:1, 1:3, 2:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 00:22 - Григоренко (Баженов)

1:1 - 17:38 - Дерзаев (Давыдов, Подшендялов) ГБ

2:1 - 24:59 - Баженов (Кузьменко)

2:2 - 28:28 - Давыдов (Подшендялов, Штефан)

2:3 - 32:17 - Хоменко (Штефан, Давыдов) ГБ

2:4 - 38:41 - Подшендялов (Штефан, Давыдов) ГБ

3:4 - 43:59 - Шингареев (Жульдиков, Грязев)

4:4 - 57:32 - Шингареев (Григоренко, Стулов) ГБ

4:5 - 65:00 - Твердохлебов ПБ

Қақпашылар: Микушин - Нефедов

«Торпедо» соңғы кезеңде үш рет артық құрам ұйымдастырып, ереже бұзған петропавлдықтардың сазайын берді. Осылайша, жаңа жылдың алғашқы матчында жеңіске жетті. Алаң иелері құрамынан Богдан Сенотов дубль жасады.

«Торпедо» - «Құлагер» 5:3 (1:0, 0:2, 4:1)

1:0 - 04:07 - Базанов (Сулимов)

1:1 - 26:18 - Потапов (Гарифулин)

1:2 - 30:27 - Хамматов (Святына)

2:2 - 42:32 - Зубов (Соколов, Сулимов) ГБ

3:2 - 43:01 - Гасников (Шин, Громов) ГБ

4:2 - 44:57 - Сенотов (Гасников, Шин) ГБ

4:3 - 51:33 - Закарлюкин (Михайлов) ГБ

5:3 - 52:11 - Сенотов (Громов, Шин)

Қақпашылар: Янков - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.