Хоккейден Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Ташкентте өтті.
Чемпионат көшбасшыларының бірі кезекті ірі жеңіске қол жеткізді, ал ташкенттік ұжымның ойыншылары жеке статистикаларын біршама семіртті. Хет-трикті Василий Жилов жасады, дубль Павел Синявскийдің есебінде. Өзбекстандық хоккей тәрбиеленушісі – 16 жастағы Жасурбек Рустамхоновтың кәсіби деңгейдегі алғашқы голын атап өтпеуге болмайды.
«Хумо» - «Ертіс» 10:0 (2:0, 2:0, 6:0)
1:0 - 15:00 - Кравченко (Синявский)
2:0 - 17:49 - Синявский (Гопиенко, Кравченко)
3:0 - 22:26 - Коган
4:0 - 39:04 - Жилов (Зайцев, Дорофеев) ГБ
5:0 - 42:00 - Рустамхонов (Сорокин, Валиев)
6:0 - 49:26 - Жилов (Чеботарев, Свинцицкий)
7:0 - 50:03 - Чурюканов
8:0 - 53:52 - Синявский (Назаревич, Гопиенко)
9:0 - 54:28 - Фищенко (Жилов, Козловский)
10:0 - 58:13 - Жилов (Чеботарев, Фищенко)
Қақпашылар: Шаймарданов – Нечвиенко
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.