Сарыарқа 2024 жылдың алғашқы матчында Горнякты жеңді

6 qańtar
2479

Хоккейден Қазақстан чемпионаты жаңажылдық демалыстардан кейін қайта жалғасты.

«Сарыарқа» Рудныйдағы «Горнякпен» кездесу барысында екі рет есеп бойынша алға шықты, алайда екі ретте де алаң иелерінің есе қайтаруға күш-жігері жетті. Ал қарағандылықтардың үшінші шайбасы матчта шешуші болды. Алайда бұған «Горняк» ойыншылары жауап қайтара алмады. Қонақтарға екі балды Егор Кузьменконың дөп соққысы сыйлады. «Сарыарқа» қақпашысы Артём Микушиннің есебінде 26 сейв бар.

«Горняк» - «Сарыарқа» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

0:0 - 09:58 - Галимов ШБ

0:1 - 10:48 - Баженов (Григоренко, Стулов)

1:1 - 13:35 - Кротов (Скатов, Юлбарисов) ГБ

1:2 - 34:47 - Жульдиков (Баженов) ГБ

2:2 - 37:54 - Галимов (Юлбарисов, Скатов)

2:3 - 55:53 - Кузьменко (Калинин, Цветков)

Қақпашылар: Нурек – Микушин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.