Желтоқсанның үздік ойыншылары

5 qańtar
508

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның төртінші ойын айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Сергей Кудрявцев («Арлан»)

Қазақстанға оралған Сергей Кудрявцев желтоқсан айында ең көп талқыланған ойыншылардың біріне айналды. Себебі «Сарыарқамен» ойында ол ел чемпионаты тарихында қарсыластың қақпасына шайба салған алғашқы қақпашы болды. Кудрявцев өзінің тікелей міндеттерін жақсы орындайды. Өткен кезеңде Сергей бес матчтың бесеуінде жеңіске жетті, орта есеппен бір шайбадан өткізіп, соққылардың 95,37%-ына тойтарыс берді. Голкипер мұзда 300 минуттай уақыт өткізіп, бір рет мұздан «құрғақ» жеңіспен кетті.

Үздік қорғаушы – Илья Назаревич («Хумо»)

Ташкенттіктердің қорғаныс көшбасшысы Илья Назаревич айды екпіндетіп өткізіп, желтоқсан айында сегіз матчтың алтауында ұпай жинады. Ол жалпы +9 пайдалылық көрсеткішімен 10 (3+7) балл жинады. Матчтардың бірінде Илья өз есебіне 5 ұпай жинады. Сондай-ақ Назаревич қарсы қақпаға 31 соққы жасап, қарсыластың 4 соққысын бұғаттаған, бұл ретте ол өз командасын бір рет қана аз құрамда қалдырды. Дәл қазір Илья өз амплуасында чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімінде көш бастап тұр.

Үздік шабуылшы – Вадим Кравченко («Хумо»)

Лиганың үздік бомбардирі ұпай жинап, өз командасына пайдасын тигізуде. Желтоқсан айында Кравченко 14 (9+5) балл жинап, покер мен екі дубльдің авторы атанды. Бұл ретте ол өз соққыларын жүзеге асырудың жоғары пайызын (24,32%) көрсетіп, әрбір төртінші соққы гол сыйлады. Бір әттеген-айы, 21 желтоқсанда Вадимнің он матчқа созылған жеңіс шеруі үзілді.

Үздік жас ойыншы – Даниил Свинтальский («Арлан»)

Кезекті рет айдың үздік жас ойыншысы атағы Свинтальскийге бұйырды. Ол тұрақты түрде ойын тәжірибесін алып, өзінің жеке статистикасын толтыруда. Желтоқсан айында Даниил (+5) пайдалылық көрсеткішімен екі гол салып, үш нәтижелі пас берді. Голдардың бірін форвард артық құраммен салды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.