Сейсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында төрт кездесу жоспарланды.
«Сарыарқа» «Алматыдан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Бірінші кезеңде-ақ қарағандылықтар үш рет гол салып, дәл осы серпіліс қонақтар үшін шешуші болды. Әрі қарай оңтүстікастаналық ұжым ойынға орала алмады. Жеңімпаздар құрамынан Дмитрий Стулов пен Евгений Григоренко дубль жасады.
«Алматы» - «Сарыарқа» 1:6 (0:3, 0:1, 1:2)
0:1 - 09:16 - Стулов (Баженов) ГБ
0:2 - 10:54 - Стулов
0:3 - 11:44 - Симонов (Жабунин)
0:4 - 36:12 - Кузьменко (Григоренко, Стулов) ГБ
1:4 - 45:23 - Твердохлебов (Бурделёв)
1:5 - 50:39 - Григоренко (Жульдиков, Баженов)
1:6 - 58:25 - Григоренко (Баженов, Дёмин)
Қақпашылар: Колесников (Базарбеков, 11:4 -60:00) - Микушин
Батыстағы тартыста екі балл ақтөбеліктерге бұйырды: соңғы кезеңнің ортасына қарай өздері үшін шешуші үстемдікке ие болды. Жеңіс шайбасының авторы – Данила Милушкин.
«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 5:2 (1:0, 1:0, 3:2)
1:0 - 04:08 - Исмагилов (Милушкин, Попитич)
2:0 - 29:12 - Митряков (Кучин, Зубковский)
3:0 - 43:50 - Милушкин (Попитич, Олендаренко)
3:1 - 49:27 - Воробьев (Дыньков, Кутугин)
4:1 - 51:01 - Зубковский (Кучин)
4:2 - 56:39 - Кунишников (Яковлев, Холоденин)
5:2 - 59:59 - Попитич (Олендаренко, Кучин) ПВ
Қақпашылар: Ершов - Калмыков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.