Сейсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында төрт матч жоспарланды.
Маусымның екі көшбасшысының бүгінгі текетіресінде елордалық ұжым басым түсті. «Номад» соңғы кезеңнің ортасына қарай Николай Шульга мен Мади Диханбектің дөп соққыларынан кейін екі шайбамен алда келе жатты. Артём Лихотников алшақтықты минимумға дейін қысқартты, алайда көкшетаулықтар одан әріге бара алмады. «Көшпенділердің» қақпашысы Никита Бояркин қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді.
«Номад» - «Арлан» 2:1 (1:0, 0:0, 1:1)
1:0 - 09:14 - Шульга
2:0 - 47:12 - Диханбек
2:1 - 52:49 - Лихотников (Сергеев)
Қақпашылар: Бояркин - Ахметов
«Ертіс» Рудныйдағы бірінші матчта «Горняктың» қақпасын ала алмады. Алаң иелері қорғаныста сенімді түрде ойнап, чемпионаттың үздік командаларының бестігінде орын үшін тартысты жалғастыруда. Никита Ляпунов қарсыласты екі рет састырды. «Горняктың» қақпашысы Илья Лигай қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді.
«Горняк» - «Ертіс» 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)
1:0 - 04:40 - Ляпунов (Платонов)
2:0 - 30:47 - Гурьев (Васин, Утебаев)
2:0 - 34:05 - Юлбарисов ШБ
3:0 - 40:46 - Ляпунов (Захаров, Юлбарисов)
4:0 - 53:21 - Маркабаев (Катков, Войтко) ГБ
Қақпашылар: Лигай - Нечвиенко
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.