Ертіс қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырады, Номад Атыраудан төрт балмен қайтты

23 jeltoqsan
797

Көкшетау мен Атырауда хоккейден Қазақстан тұрақты чемпионатының матчтары өтті.

«Арлан» «Ертісті» жеңіп, қарсыластың жеңілістер сериясын бес кездесуге дейін жеткізді. Бүгін есеп аса ірі болмады, алайда павлодарлықтар қақпаға бағытталған 24 соққыға тойтарыс берген Роман Шефердің қақпасын ала алмады. Алаң иелерінің құрамы Дмитрий Гренц дубль жасады.

«Арлан» - «Ертіс» 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 17:22 - Буяльский (Павленко, Волков)

2:0 - 31:43 - Гренц (Пархоменко, Сиксна) ГБ

3:0 - 58:14 - Гренц (Сиксна, Дюкарев)

Қақпашылар: Шефер - Нечвиенко

«Бейбарыс» «Номадты» жеңе алмады. «Көшпенділер» Атырауда төрт балл жинап, чемпионаттың турнир кестесінде үшінші орынға бекіді. Қонақтар үшін жеңіс шайбасын Александр Пелевин салды. Астаналықтардың қақпашысы Никита Бояркиннің есебінде 36 сейв бар.

«Бейбарыс» - «Номад» 2:4 (1:3, 1:0, 0:1)

0:1 - 00:47 - Бойко (Пелевин)

1:1 - 05:49 - Ананичев (Королинский, Холоденин)

1:2 - 06:20 - Гатиятов (Бойко, Недилько)

1:3 - 08:23 - Пелевин (Недилько, Гатиятов) ГБ

2:3 - 31:03 - Королинский (Москалев, Ананичев)

2:4 - 59:43 - Колобов (Бойко, Гатиятов) ПВ

Қақпашылар: Калмыков - Бояркин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.