Щегольковтің дублі Хумоға Сарыарқаны жеңуге көмектесті, Торпедо Рудныйдан төрт балмен қайтты

21 jeltoqsan
1021

Қазақстан чемпионатының ойын күні екі матчты қамтиды.

«Хумо» «Сарыарқаға» қарсы түздегі бірінші матчта тартыспен жеңіске жетті. Жекпе-жектің басты қаһарманы – қарсыласты екінші кезеңде екі рет састырған қонақтардың форварды Вадим Щегольков. Ташкенттіктердің қақпашысы Дамир Шаймарданов қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берді.

«Сарыарқа» - «Хумо» 1:2 (1:0, 0:2, 0:0)

1:0 - 06:50 - Калинин (Наместников, Пальмтаг) ГБ

1:1 - 21:37 - Щегольков (Назаревич)

1:2 - 30:58 - Щегольков (Гопиенко)

Қақпашылар: Микушин - Шаймарданов

«Горняк» пен «Торпедо» үшін матчтың негізгі уақыты жеңімпазды анықтауға жеткіліксіз болды. Бүгін кездесу овертайммен аяқталды. Тағы екі балл өскемендік ұжымның қоржынына түсті. Жеңімпаздар құрамынан Александр Архипов дубль жасады, шешуші гол Дмитрий Белохоновтың есебінде.

«Горняк» - «Торпедо» 3:4 ОТ (2:1, 1:2, 0:0, 0:1)

0:1 - 06:30 - Архипов (Данияр, Ложкин)

1:1 - 07:38 - Юлбарисов (Воронин)

2:1 - 09:57 - Гурьев

3:1 - 23:46 - Скатов (Кротов, Юлбарисов)

3:2 - 35:01 - Базанов (Зубов)

3:3 - 37:40 - Архипов (Лагунов)

3:4 - 61:45 - Белохонов (Каиров)

Қақпашылар: Нурек - Пестов (Осокин, 06:30 - 07:38)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.