Горняк пен Торпедо жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады

20 jeltoqsan
383

Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Рудныйда өтті.

«Горняк» «Торпедомен» бірінші үй матчында асқан ерлік көрсетті. Рудныйлықтар финалдық ысқырыққа жеті секунд қалғанда ойынды овертаймға айналдырды. Алайда екі балды бүгін буллиттер сериясында дәлірек көздеген қонақтар алып кетті. Өскемендіктерге жеңісті Диас Тютюньков әкелді.

«Горняк» - «Торпедо» 2:3 Б (0:2, 0:0, 2:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 08:11 - Архипов (Зубов, Сенотов) ГБ

0:2 - 13:34 - Соколов (Шин)

1:2 - 44:05 - Садиков (Юлбарисов, Кротов)

2:2 - 59:53 - Кротов (Селютин, Скатов)

2:3 - 65:00 – Тютюньков ПБ

Қақпашылар: Нурек – Пестов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.