Вадим Кравченко – 1хBet Pro Hokei Ligasy-ның апта ойыншысы

18 jeltoqsan
435

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның 15-ші ойын аптасын қорытындылайық.

«Хумо» «Торпедо» мен «Ертістен» екі матчтан жеңіп, Шығыс Қазақстан бойынша сапарын табысты өткізді. Осы жетістікке басты үлес қосушы – өткен кезеңде 9 шайба салып, +5 пайдалылық көрсеткішімен 2 пас берген Вадим Кравченко.Айта кету керек, Ташкент ұжымының шабуылшысы барлық төрт кездесуде гол соқты. Оның активінде покер, екі дубль және екі жеңіс шайбасы бар. Кравченко – осы маусымда 50 ұпайға жеткен лиганың алғашқы ойыншысы. Қазір Вадимнің есебінде 51 (31+20) ұпай бар және чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімінде бірінші орында тұр.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.